Қазақстанда сақтандыру нарығының даму қарқыны 10-15 пайызға төмендейді деген болжам бар

«Биыл сақтандыру нарығының даму қарқыны 10-15 пайызға төмендейді деген болжам бар. Бұл негізінен мүлікті ерікті сақтандыру нарығының жалпы қарқынын бәсеңдетіп, сақтандырудың басқа түрлерінің дамуын біршама тежейді. Дегенмен, адамдардың жеке басын сақтандыру бағыты күшейеді», - дейді «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ринат Ахметьянов.
Компания сарапшыларының болжауынша, 2013 жылы міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру нарығы 10-15 пайыз дамиды. КАСКО (жауапкершіліктен өзге кешенді автомобильдік сақтандырулар) бойынша сыйақы көлемі 15 пайыз артып, 7,4 млрд. теңгеге жуықтамақ. Сондай-ақ сақтандыру компаниялары сақтандыру қоржындарын әртараптанлыруды одан ары жалғастыратын болады. Міндетті сақтандырудан басқа сақтандыру қоржындарының артуы компаниялар үшін тиімді болмақ.