Қазақстанда салынатын АЭС мамандарын жапондар дайындамақ
Елімізде осындай стансаларды салу үшін шығыстағы Курчатов қаласының маңы таңдалған. Жергілікті ғалымдармен 20 жылдан бері байланыс орнатқан күншығыс елінің өкілдері де бұл жобадан шет қалмақ емес. Семей сынақ полигонының зардабын жоюға атсалысқан жапондық ғалымдар жиған-терген тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз деп отыр. Жапонияда бүгінде 50-ден астам атом электр стансасы бар екен. Қазақстан Үкіметі болса, елдегі өндірістің дамуы осындай стансаларға тікелей тәуелді екенін айтуда. Сондықтан оның құрылысына қарсы шыққандарға қарамастан, қуат өндіретін нысан бәрібір салынатын болады.
«Marubeni utility services» компаниясының президенті Тетсуро Ивами: «Біздің еліміздегі Фокусима стансасында жойқын апат болғаны баршаға мәлім. Одан ауыр сабақ алдық десек болады. Жаңа стаса салатын кезде ондағы қателіктерді қайталамауға тырысамыз. Қазақ еліне көмектесуге әзірміз. Маман әзірлеуде тәжірибеміз де жеткілікті», - дейді.