Қазақстанда селолық кардиологиялық қызмет дамып келеді

деп хабарлады Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталық басшысының орынбасары Махаббат Бекбосынова Pm.kz сайтына берген сұхбатында.
2007-2009 жылы кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтерді дамыту жөніндегі бағдарлама іске асырылғаны белгілі, осынау бастама еліміздің барлық өңірлерінде хирургиялық және интервенциялық бөлімдер ашуға мүмкіндік беріп отыр.
«Саламатты Қазақстан бағдарламасының бір мақсаты - кардиологиялық және интервенциялық кардиохирургия қызметтерін дамытуды әрі қарай жалғастыру болып табылады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында 2007-2009 жылдары облыстық кардиоорталықта бір ангиографиялық операция бөлмесі ашылды, кардиохирургиялық клиника құрылды. Енді мұндай ангиографиялық бөлмелердің санын және дәрігерлер мен қызметтердің санын талап етіліп отырған деңгейге жеткізу керек. Стандарт бойынша 2,5 млн. адамға 10 шақты ангиохирургиялық операция бөлмесі керек, оның ішінде алыс елді-мекендерді қоса алғанда», - дейді М.Бекбосынова.
Ұлттық ғылыми кардиоорталық басшысының орынбасары сондай-ақ, кардиологиялық қызметті дамытуда тұңғыш рет амбулаториялық буынға басымдық беріліп отырғанын, себебі жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларымен ауыратын науқастардың 90 пайызы амбулаториялық жағдайда емделетінін атап өтті.
Оған қоса, Денсаулық сақтау министрлігінің ұйытқы болуымен селолық кардиологиялық қызметті дамытуға да басымдық танытылып отыр. Өңірлерде ауданаралық кардиологиялық кабинеттер ашылуда.