Қазақстанда шілде айында өрт қаупі өрши түседі - ТЖК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда шілде айында өрт қаупі өрши түседі. Осыған байланысты ТЖК жұртшылықты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлім етті.
None
None

Комитет төрағасының айтуынша, өрт қаупінің өршитін маусымында ТЖК ішкі істер органдарымен, жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, рейдтерге шығуды, орман және дала аумақтарын өрттен қорғау шараларын жүргізуді қолға алып келеді. Мұндай рейдтік шаралар арқасында жедел топтардың бірлескен шарасы арқылы ауыл шаруашылығы далаларында құрғақ шөпке рұқсатсыз өрт қоюдың 40 фактісі тіркелген. Әсіресе Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының дала массивтерінде өрт қауіпсіздігін сақтамау жиі орын алып отыр.

«Қазгидромет» мекемесінің мәліметіне қарағанда, Қазақстан аумағында ыстық ауа маусымы, әсіресе, шілде айына дөп келеді. Онда ауа температурасы + 30ºС болады деп болжанып отыр. Осы аралықта еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарында жауын-шашын болмай, құрғақшылық орын алатыны белгілі. Сондықтан да, осы кезеңде республика бойынша өрт қауіпсіздігі өрши түседі. Осыны ескере отырып, республика жұртшылығын өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз», - деді В. Беккер.

Оның сөзіне қарағанда, табиғи дала өрттері мен елді мекендердегі өрттерге жедел ден қою мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлескен 4367 ерікті өртке қарсы құрылымдар жасақталған. Оларға 7621 бірлік техника, соның ішінде 348 өрт автомашиналары, 7273 арнайы жабдықталған техникалр берілді. Жалпы өртке қарсы ерікті құрылымның жеке құрамында 48 201 адам бар.

Соңғы жаңалықтар