Қазақстанда шілде-қазан айларында медициналық сақтандыру аясында 18,6 млрд теңге жиналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылдың шілде-қазан айларында «Әлеуметтік медицианалық сақтандыру қоры» ҰАҚ-ына салынған төлемдердің жалпы құны 18,6 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ӘМСҚ-ының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, жалпы сомадан жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары 15,02 млрд. теңгені құрады немесе шамамен 19%.  Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің биылғы жылдың қазан айындағы ӘМСҚ-ына салымдары мен жарналарының сомасы 6 млрд теңге. Салымдар мен жарналар төлеу бойынша бұрынғысынша Алматы қаласы көш бастап тұр (түсімдердің жалпы сомасының 21,6%-ы) және Астана (12%), сондай-ақ, Қарағанды облысы  (8,2%) және Шығыс Қазақстан облысы (7,4%) алда келеді.  

Соңғы жаңалықтар
telegram