Қазақстанда шұғыл медициналық көмектің сапасын жақсартуды көздейтін меморандумға қол қойылды

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Ұлттық медицина холдингі мен Казанада (Абермед тобына кіретін) компаниясы іскерлік байланыстарды орнату мен өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін бірлескен кездесу өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ басқарма төрағасы Алмаз Шарман мен Казанада (Канада) бас директоры Кевин Фрик Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы базасында заманауи медициналық көмек жүйесін ұйымдастырудың бірлескен жобасын жүзеге асыру ниетін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанда медициналық тасымалдау жүйесін жасау арқылы шұғыл медициналық көмектің сапасын жақсартуды және Республикалық шұғыл көмек ғылыми орталығын үлгілі модель ретінде дамытуды көздейтін меморандумға қол қойды.Жобаны іске асыру жоспарында Астана қаласының денсаулық сақтау жүйесін ? орталық және аймақтық жедел жәрдем стансыларын, диспетчерлік орталықты, жедел жәрдем машиналарын, ауруханаларды ықпалдастыру жұмыстары жүргізілмек.
Соңғы жаңалықтар