Қазақстанда шығарылған велосипедтер Швейцарияда сатылмақ
«MERIDA-KZ» Алматы компаниясы» «NOMAD» отандық брендімен велосипедтердің сынамалық партиясын Санлежье қаласына жіберді. «Kaznex Invest» қолдауымен кәсіпорын Швейцария аумағында «NOMAD» велосипедтерін өткізу және сату туралы «VELO-PASSION SARL» мамандандырылған велодүкенмен уағдаластыққа қол жеткізді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Өнімді алдын ала техникалық тексеру нәтижесі бойынша еуропалық тарап «NOMAD» велосипедтерінің еуропалық нарық талаптарына сәйкес келетінін растады.
«MERIDA-KZ» директоры Марат Ақынғазиев хабарлағандай, Швейцария халқы велосипедпен көп жүретіндіктен, компания осы елді таңдап отыр. Швейцарияның 7,7 миллион халқына шаққанда шамамен 4 миллионға жуық велосипедтен келеді екен.
Айта кетейік, «MERIDA-KZ» компаниясы велосипедтердің 28-ден астам модельдерін 2007 жылдан бастап шығарып келеді.