Қазақстанда соңғы 10 жылда балалар өлімі екі есе азайды
Отырыста педиатриялық қызметтің соңғы 10 жылдағы жетістігі баян етілді.
Соңғы 10 жылда балалар өлім-жітімінің көрсеткіші 2 есеге (2017 жылы 1000 нәрестеге шаққанда 10,2) және нәрестелер өлім-жітімі 2,6 есеге (2017 жылы 1000 нәрестеге шаққанда 7,9) төмендеді. Елімізде балалардың туабіткен даму ақауын жатырішінен анықтап қана қоймай, сонымен қатар жүкті әйелдерді емдеу әдісін жүргізуге мүмкіндік беретін перинатальдық диагностика жетіліп келеді. Туабітті ақаудан болатын 1 жасқа дейінгі бала өлімі соңғы 10 жылда 1,5 есеге азайды. Бұл пренаталды диагностиканың жақсаруына және жедел араласу әдістерінің жетілдірілуіне байланысты.
«Туа бітті ақауы бар нәрестелердің 86%-ы тірі қалады. Республикада балалар кардиохирургиялық қызметі дамып келеді. Қазіргі кезде елде туабіткен жүрек ақауы бар балаларға арналған 145 кардиохирургиялық төсек-орын және осы науқастар үшін 28 кардиохирургиялық реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған. Жыл сайын ашық жүрекке 2000-нан астам ота жасалады, соның ішінде 3-4 күрделілік деңгейінде және 500-ден астам рентгенэндоваскулярлық жедел араласулар жасалады», - деді Педиатрия орталығы басшысының міндетін атқарушы Жанар Сауранбаева.
Орталық басшысының педиатрия жөніндегі орынбасары Гүлнар Абдилованың айтуынша, қазір балалар онкологиялық және гематологиялық қызметін жетілдіру бойынша және балалардағы сирек (орфандық) ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа стандартарын енгізу бойынша Жол картасы жүзеге асырылуда.
«Қазіргі кезде жіті лимфобластық лейкозға шалдыққан балалардың өміршеңдігі жоғары мөлшерлі ПХТ қолдану нәтижесінде ҚР-да 78%-ды құрайды, яғни, бұл дегеніміз әлемдік нәтижеге жақын. Әлемдік жетекші орталықтарда осы ауруға шалдыққан балалардың өміршеңдігі бүгінгі күні 80-85% болып отыр», - деп атап өтті Г. Абдилова.
Оның айтуынша, 2013 жылдан бері тығыз ісіктер заманауи еуропалық бағдарламамен емделіп келеді.
Бірақ емдеудің ерте талдау нәтижелері бойынша бірқатар ісік түрлерінен жалпы өміршеңдік әлемдік деректерге жақын: ҚР-да лимфома кезінде - 80% (әлемдік- 83%); бауыр ісігі кезінде - 82,4% (әлемдік 95%); аналық без және аталық без ісіктері - 73% (әлемдік 75%).
2012 жылдан бастап республикада балаларға гемопоэздік өзектік жасушаға 151 трансплантациялау жасалды.
Осы ауруға шалдыққан балаларды Республикалық бюджет қаражаты есебінен диагностикалау және фермент алмастыру емімен қамтамасыз ету бойынша мәселелер шешімін тапты.