Қазақстанда соңғы 7 жылда әлеуметтік төлемақы алатындар саны 40 есеге артты - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2005 жылдан бастап еңбекке жарамдылықтан және асыраушысынан айрылуына байланысты ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемақы алатындардың саны шамамен 40 есеге, яғни 1851-ден 73 248-ге дейін артты,
None
None

деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, еңбекке жарамдылықтан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақы алатындар 2005 жылы 1302 адамнан 2012 жылы 52 617 адамға дейін, ал асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемақы алатындар саны 549-дан 20 631-ге өскен.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізгеннен бастап, яғни 2005 жылдан бері төлемақы алушылардың барлық санаттары бойынша қор 285,2 млрд теңге төлеген, оның ішіндегі 264 млрд теңге немесе 93 пайызы ана мен балаға байланысты төлемақыға тиесілі. Жүктілік, бала туу және оны бағып күту бойынша әлеуметтік төлемақының жалпы сомасы 2008 жылы 29,4-тен 2012 жылы 85,5 млрд теңгеге артқан. Оған қоса, соңғы төрт жылда жүктілік пен бала туу бойынша жәрдемақы алатын әйелдер саны 59 пайызға өскен. Осы мерзім аралығанда баланы бағып күту бойынша әлеуметтік төлемақы алатындар 61 пайызға көбейген.

Ведомство мәлімдемесінде аталғандай, соңғы үш жылда қорға әлеуметтік аударым түсімінің өсу қарқыны төмендегені байқалған. Осылайша, 2012 жылы әлеуметтік төлемақы өсуінің қарқыны (24%) әлеуметтік аударым түсімінің өсу қарқынынан (17,4%) асып түскен. Осы себепті, министрліктің айтуынша, жүргізілген талдау барысында заңнаманы өзгерту арқылы шешуді талап ететін бірқатар маңызды мәселе пайда болған.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік қауіптің пайда болуына байланысты шығындалған табыстың бір бөлігін өтеу үшін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша формасы болып табылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. Содан бері Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан еңбекке жарамдылықтан, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемақылар төленіп келеді. Кейінірек, 2008 жылдан бастап, міндетті әлеуметтік сақтандыру тағы да екі әлеуметтік қауіп түрімен толықтырылған: жүктілік пен бала тууға байланысты табыстан айрылу, жаңа туған баланы асырап алу және бір жасқа толғанша баланы бағып күтуге байланысты.

Соңғы жаңалықтар