Қазақстанда «соңғы қоңырау» қалай өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Биыл Астанада 4 407 түлек мектеп бітірді. ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов №64 мектеп-лицейінде өткен салтанатты шараға қатысты. Ол жыл сайын ҚР БҒМ ЖОО-да білім алу үшін 35 мың грант бөлетінін айтты.
№3 мектептің түлектерін құттықтауға ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Бердiбек Сапарбаев келді. Ол оқушыларға Ұлттық бiрыңғай тестiлеуді сәтті тапсыруларын тіледі.
Биыл Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков өзі оқыған №6 гимназияда өткен іс-шарада болды. Оның сөзіне қарағанда, 1972 жылы өзі де осы мектеп бітірушілері тәрізді сол бір сәтте болашағы туралы ойлаған.
Алматыда 7905 түлек алтын ұя - мектебімен қоштасты. №90 мамандандырылған мектеп лицейінде өткен жиынға қала басшысы Ахметжан Есімов қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысында жалпы білім беретін мектептердің 3 733 түлегі үшін «соңғы қоңырау» сыңғырлады. Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясының түлектерін аймақ басшысы Ерік Сұлтанов құттықтады. Биыл бұл білім ошағында 40 бала оқу бітірді. 25 мамырда СҚО-ның 577 мектебінде соңғы қоңырау соғылды.
Алматы облысының Амандық Баталов Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінде болды. Биыл бұл мектепті 97 оқушы бітірді. Барлығы Алматы облысындағы 735 мектепте 15 мың оқушы үшін соңғы қоңырау соғылды.
БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев Орал қаласында №35 мектеп-лицейдегі соңғы қоңырау салтанатына қатысып, түлектерді құттықтады. Аймақта 4518 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды.
Ақмола облысындағы 4457 мектеп оқушысы үшін соңғы қоңырау соғылды. Көкшетау қаласындағы №1-ші орта мектептен өткен соңғы қоңырауға қала әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, түлектерге сәт-сапар тіледі. Көкшетауда 847 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды.
Қызылорда облысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қаладағы №198 орта мектебі мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысып, жас түлектерге өзінің жылы лебізін білдірді. Облыста биыл 292 мектептен 4303 мектеп бітіруші түлек ҰБТ-ға қатысады.
Маңғыстау облысында жалпы білім беру мектептерінде 4190 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Олардың ішінде Ақтауда ҰБТ мен емтихан тапсырған соң 1289 жоғары сынып оқушысы мектепті тәмамдайтын болады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтады. Ол Түлкібас ауданы Жаскешу елді мекені С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептегі соңғы қоңырау шарасына қатысты.
Аталған аудандағы мектептерді бітіретін 1062 түлектің 54-і «Алтын белгіге», 20-сы үздік аттестатқа үмітті. 814 орта мектептегі 30982 түлектің 1085-і «Алтын белгіге» үмітті.
Бүгін Павлодар облысы мектептерінің 3772 түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды.
Олардың мыңнан астамы облыс орталығындағы мектептердің 11 сынып оқушылары. Павлодар қаласының әкіміБолат Бақауов нөмірі 17 мектепте өткен жиынға қатысты. «Сіздердің алдарыңызда қоғамның абыройлы азаматы болу үшін алға қойған жоспарларыңызды іске асыру, ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың үмітін ақтау міндеттері тұр», - деді қала басшысы.
Енді түлектерді ҰБТ күтіп тұр. Тестілеу республика бойынша 2 және 15 маусым аралығында өтеді.