Қазақстанда су тасқынынан келген залалдың жалпы шығыны анықталып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы су тасқынынан келген залалдың жалпы шығыны анықталып жатыр.

Қазақстанда су тасқынынан келген залалдың жалпы шығыны анықталып жатыр

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Алексей Советов мәлім етті.

«Материалдық шығын әлі анықталған жоқ. Оны айту ерте. Қазіргі уақытта комиссия түскен залалдың шығынын анықтау үстінде», - деді ол.

Соңғы жедел ақпараттарға сәйкес, бүгінде 15 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, ШҚО, Қостанай және Ақмола облыстарында тасқын салдарынан ондаған ауылдарды су басты. Судан қорғану үшін бірлескен күшпен 14,5 мыңнан астам метр бөгет тұрғызылды.

Қазақстанның әр түкпірінен азаматтар жапа шеккен адамдарға гуманитарлық көмек жинауда.