Қазақстанда сурдоаударма арнасы

Арнаның баспасөз қызметі хабарлағандай, контенттің басым бөлігі субтитрларын қабылдау қиынға түсетін балалар аудиториясына арналған. Сондықтан, «Смотри как слышно» арнасының тұжырымдамасына сәйкес мұнда әр күні таңертеңнен бастап мультфильмдер мен балаларға арналған кино, ал кешкі және түнгі уақыттарда ересек адамдарға арналған фильмдер мен сериалдар көрсетеді. Мысалы, «Петля времени», «Список контактов», «Области тьмы», «Афера по-американски» және т.б.
Қазақстанда жаңа интерактивті арна «Кино және ТВ» жазылымында қолжетімді.
Сарапшылардың бағалауынша, бұрынғы КСРО елдерінде құлағы естімейтін адамдар 8 млн астам болуы ықтимал. Олар тең жағдайда көңіл көтеру бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Финляндия, Швеция, Ұлыбританияда ишара тілі ұлттыққа теңестірілген. Оған мектепте балаларды, медицина қызметкерлерін, полицейлерді, мұғалімдерді оқытады, қызмет көрсететін персоналдар ишара тілін білуі тиіс. ТВ арналары тым болмағанда субтитрлар көрсетуге міндетті.