20:41, 05 Мамыр 2020 | GMT +5
Қазақстанда тағы 15 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тағы 15 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Осы сәттегі мәліметке сай, Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 8, Жамбыл облысында - 3, Маңғыстау облысында - 1 адам жазылып шыққан.
Осымен Қазақстан бойынша жазылғандар саны 1279 болды.