17:45, 07 Мамыр 2020 | GMT +5
Қазақстанда тағы 20 адам коронавирустан емделіп шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тағы 20 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Нұр-Сұлтан қаласында - 10, Қостанай облысында - 2, Маңғыстау облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 5, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Атырау облысында - 1 адам ауруынан айыққан, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 1470:
Нұр-Сұлтан қаласы – 346
Алматы қаласы – 299
Шымкент қаласы – 85
Ақмола облысы – 89
Ақтөбе облысы – 34
Алматы облысы – 40
Атырау облысы – 83
Шығыс Қазақстан облысы – 10
Жамбыл облысы – 55
Батыс Қазақстан облысы – 65
Қарағанды облысы – 82
Қостанай облысы – 18
Қызылорда облысы – 147
Маңғыстау облысы – 12
Павлодар облысы – 20
Солтүстік Қазақстан облысы – 28
Түркістан облысы – 57