Қазақстанда тамызда 16,9 мыңға дейін неке қиылады – Статбюро

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда тамыз айы неке қию үшін ең танымал ай болып саналады.

Қазақстанда кімдер некесін тегін тіркей алады
Фото: Азаматтарға арналған үкімет

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2015-2024 жылдар аралығында елімізде ең көп неке тамыз айында тіркелген. Соңғы он жылда бұл айда жыл сайын орта есеппен 14,9 мың неке қиылған. Ең жоғары көрсеткіш 2016 жылы тіркеліп, тамызда 16,9 мың неке рәсімделді.

2015 пен 2022 жылдар аралығында шілде мен қыркүйек те неке қию үшін жиі таңдалатын айлар қатарында болды. Алайда, соңғы екі жылда қыркүйекке қарағанда маусым айы алға шықты: 2024 жылы маусымда 11,6 мың, ал қыркүйекте 10,8 мың неке тіркелген.

Осылайша, 2023 жылдан бастап маусым, шілде және тамыз айлары неке тіркелетін ең танымал кезеңге айналды.

Ең аз неке саны қаңтар айында тіркелген. Соңғы он жылда бес рет дәл осы ай ең төменгі көрсеткішпен ерекшеленді. Сонымен қатар мамыр айы да неке саны бойынша төмен деңгейде қалып отыр.

Сарапшылардың мәліметінше, соңғы он жылдағы ең төменгі айлық көрсеткіш 2020 жылдың сәуірінде, пандемия кезінде тіркелді.

Айта кетейік, неке бұзғандарға мемлекеттік баж мөлшері артады.

Соңғы жаңалықтар