Қазақстанда Тау-кен кодексі жасалуы мүмкін

Бұл пікірді бүгін елордада Республикалық Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиясы қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец білдірді.
«Дамыған тау-кен металлургиялық саласы бар кез келген елдегідей біздің де тау-кен металлургия кешенімізге Тау-кен кодексі қажет», - деді ол.
Н.Радостовецтің айтуынша, дамыған тау-кен металлургиялық саласы жоқ елдерде мұндай арнайы заңнама жоқ. Дегенмен Австралия, Канада және Еуропаның бірқатар елдерінде арнайы заңнама қолданыста.
Ал бұл саланың еліміздің экономикасынан алар орны ерекше екендігін баса айтқан оның сөзіне қарағанда, қазіргі қолданыстағы заңнаманың көптеген нормалары мұнай-газ секторына басымдық береді. Бұл пайымды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау да қоштап отыр.
«Ия, бүгінгі таңда біз оның көптеген жайттарда мұнай-газ секторында қолданылатындығын әрі сол бағытта екендігін айта аламыз», - деді ол.
Н.Радостовецтің сөзіне қарағанда, бұл бастаманы Дүниежүзілік банк қолдап отырған көрінеді. Ендігі уақытта Республикалық Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиясы қауымдастығы Үкімет пен кәсіподақтардың қолдау көрсетуіне үміт артады.
«Егер Тау-кен кодексі пайда болса, онда «Жер қойнауын пайдалану туралы» Заң мұнай құрылымдарының қызмет аясында қалып, ал Тау-кен кодексі тау-кен металлургия кешеніне тиесілі болар еді. Бұл инвестиция тартуға да әсер етеді», - деді ол.