Қазақстанда тауар өндірушілердің бірыңғай реестрі жасалады

АСТАНА. KAZINFORM – Отандық тауар өндірушілердің жұмысын жеңілдету мақсатында бірыңғай реестр құру және сала жұмысын цифрландыру жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлім етті.

Развитие промышленности в Казахстане: что уже сделано
Фото: Правительство РК

«Бүгінде тауарлар мен тауар өндірушілердің сәйкестігін растау жүйесін жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осылайша, қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестрі құрылады. Ол тауар өндірушілердің қолданатын барлық тізілімді біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл жердегі басты жаңалық өндірісті верификациялауда цифрлық шешімдерін қолдану», - деді Олжас Сапарбеков орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Вице-министрдің мәлімдеуінше, аталған заңнамалық түзетулер қазір Мәжілістің қарауында. 

«Цифрландырылған базада өндірістің қуаттылығы, жұмыс орындарының саны, электр энергиясын тұтыну көлемі мен мемлекеттік деректер базасынан алынған басқа да көрсеткіштер туралы мәліметтер жинақталады», - дейді ол. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл сегіз айда елімізде жүк вагондарын шығару алты есе ұлғайған

Айта кетсек, биыл қазақстандық өңдеу өнеркәсібі экспорты сегіз айда 17,8 млрд долларға жетті. 

Соңғы жаңалықтар