Елімізде тауық етінің бағасы қанша

Тұтынушылар себетіне кіретін жоғары сұранысқа ие тауардың бірі – тауық еті. Kazinform агенттігінің тілшісі өңірлердегі бағаны салыстырды. 

Қазақстанда тауық етінің бағасы қанша
Коллаж: Kazinform/ Nano Banana Pro/ Canva

Тауық етінің бағасы өзгеге қарағанда қолжетімді әрі кез келген жерден сатып алуға болады. Дегенмен бағаны салыстырған кезде қалалардағы құнның әртүрлі екенін көруге болады. Ол үшін көпшілік жиі тұтынатын сүбе ет, қанат және жамбас етінің бағасына тоқталдық.

Сүбе ет

Еліміз бойынша Алматы қаласында тауықтың сүбе етінің бағасы жоғары екенін білдік. Мұнда келісі – 4 000 теңге. Сонымен бірге Шымкент, (3 400 теңге), Жезқазған (3 200 теңге), Өскемен мен Қостанайда (3 100 теңгеден) баға жоғары болып тұр.

Ал Астана, Қарағанды, Ақтау, Атырау мен Көкшетауда сүбе еттің келісі – 3 000 теңге. Павлодар (2 850 теңге), Талдықорған (2 600 теңге), Ақтөбе мен Қызылордада (2 500 теңге) баға орташа.

Еліміз бойынша Орал қаласында тауықтың сүбе етінің бағасы – 1 800 теңге. Бұл төмен бағаның бірі. Ал ең төмені Семей (2 100 теңге), Түркістан (2 200 теңге) және Таразда (2 300 теңге) тіркелді.

Тауық қанаты

Елімізде тауық қанатының келісі 1 500-3 000 теңгеге сатылып жатыр. Әдеттегідей ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді. Мұнда келісі – 3 000 теңге. Сонымен бірге Жезқазған мен Шымкентте келісі 2 800 теңгеге сатылады. Қарағандыда тауық қанатының келісі 2 600 теңге, ал Астана мен Павлодарда 2 500 теңге.

Көп өңірде баға 2 200 – 2 400 теңге аралығында. Бұл қатарда Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Қызылорда, Тараз бен Талдықорған қалалары бар.

Еліміз бойынша тауық қанаты Түркістанда арзан. Келісі – 1 500 теңге. Семей (1650 теңге) мен Ақтөбеде (1 850 теңге) сол шамалас.

тауық еті
Инфографика: Kazinform

Тауықтың жамбас еті

Тауықтың өзге бөлігіне қарағанда жамбас етінің бағасы төмен. Ең арзаны Орал қаласында сатылады. Келісі – 1 300 теңге. Ал Қызылорда, Ақтөбе мен Петропавлда оның келісі 1 400 теңге болып тұр.

Еліміздегі көп өңірде жамбас етінің келісі – 1 500-1 800 теңге аралығында. Атырау қаласында – 1 500 теңге, Семей мен Түркістанда – 1 550 теңге, Павлодарда – 1 700 теңге болса, Шымкент мен Талдықорғанда – 1 800 теңге.

Еліміз бойынша ең жоғары баға Жезқазған мен Қарағандыда тіркелді. Мұнда келісі — 2 200 теңге. Ал Астана, Алматы, Ақтауда келісі – 2 000 теңге.

Бұдан елімізде тауық етінің бағасы әртүрлі екенін көруге болады. Әсіресе мегаполистер мен өндірісті өлкеде баға жоғары. Ал еліміздің оңтүстігі мен өзге облыс орталықтарында тауық еті қолжетімді.

Тауық етін көпшілік жиі тұтынады, соған қарамастан баға өзгелерге қарағанда көп аса көтерілмей, тұрақтылығын сақтайды.

Бұған дейін Kazinform қазы бағасын салыстырды.

Соңғы жаңалықтар