Қазақстанда тәулік ішінде екі рет жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансаларының желісі 19 қазан күні Алматы уақытымен 18 сағат 39 минут 07 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Қазақстанда тәулік ішінде екі рет жер сілкінді

«Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 шақырым қашықтықта орналасқан. Энергетикалық сыныбы 9.5. Магнитудасы MPV 4.3. Тереңдігі 15 шақырым. Координаттары - 42.08° с.е. 76.22° ш.б. Жер асты дүмпулері сезілген жоқ», - деп хабарлады  СТӘЭ.

Айта кетейік, 19 қазан күні Алматы уақытымен 15 сағат 58 минут 58 секундта жер сілкінісін тіркелгендігін хабарлаған болатынбыз.