Қазақстанда техникалық ақауы бар көлікті пайдалану көбейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда техникалық ақауы бар көлікті пайдалану үрдісі көбейді. ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жолдардағы қауіпсіздік деңгейін анықтайтын факторлардың бірі – автокөліктің техникалық жағдайы. Үш жылдық кезеңдегі (2018-2020 жылдар) құқық қолдану практикасының талдауы көрсеткендей, елде техникалық ақауы бар көлікті пайдалану көбейген», - деді Серік Түсіпов министрлікте өткен онлайн брифингіде.

Спикердің айтуынша, 2018 жылы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, оның ішінде көлікті пайдалануға тыйым салынған ақауы бар автокөліктерді жүргізгені үшін 80,5 мың, 2019 жылы – 100,7 мың және 2020 жылы – 120,5 мың жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Соңғы үш жылда тежегіш жүйесі, рульдік басқару және тарту-тіркеу құрылғылары бұзылған автокөліктерді пайдаланудың 516 фактісі анықталды (2018 жылы – 158, 2019 жылы – 224, 2020 жылы – 134). Аталған кезеңде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын жүргізудің 25,2 мың фактісі анықталды (2018 жылы – 4 711, 2019 жылы – 11 155, 2020 жылы – 9 363)», - деп атап өтті Серік Түсіпов.


Соңғы жаңалықтар