Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін басқарудың жаңа үлгісі енгізілді - Білім және ғылым министрі
Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты үшінші халықаралық форум барысында журналистерге берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Егер бұрын жұмыс берушілер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар өз беттерімен болса, бүгін біз тек білім беру жүйесіндегі емес, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және жұмыс берушілердің күш-жігерін біріктіріп отырмыз. Осы үш құрамдастың күш-жігерін біріктіріп отырып қана қандайда бір нәтиже туралы айтуға болады», - деді ол.
Министр атап көрсеткендей, қазір әрбір облыста құрамына әкімдіктердің, облыстық білім басқармаларының, жұмыс берушілер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері енген өңірлік кеңестер құрылды. «Яғни бүгін жұмыс беруші өзіне қажетті мамандарды даярлауға мүдделі», - деді Б.Жұмағұлов.
Онымен бірге Қазақстанда ҚР Премъер-Министрі Кәрім Мәсімов төрағалық ететін ТжКБ жүйесі жөніндегі Ұлттық кеңес құрылып, жұмыс істеуде.
Министрдің айтуынша, бүгін отандық нарықта ІТ технология, мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия салаларының мамандары, сондай-ақ дәнекерлеушілер, краншылар, құрылысшылар, сантехниктер керек.