Қазақстанда темекі бағасы өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы 12,1 пайызға өсіп, 920 теңгеге жетті.

темекі
Фото: Pixabay

Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 «Сүзгісі бар, сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигарилаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Бұйрыққа сәйкес, 20 дана сүзгісі бар, сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы келесідей:

— 920 теңге — 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда (бұған дейінгі баға — 820 теңге);

— 970 теңге — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап (бұрын — 870 теңге).

Бұйрық 2025 жылғы 1 шілде де күшіне енді

Айта кетейік, кейінгі жылдары Қазақстанда темекі шегетіндер саны 30 пайызға азайды. Бұл көрсеткіш — зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралардың тиімділігін көрсетіп отыр

Соңғы жаңалықтар