Қазақстанда теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан өзінің стейблкоинін іске қосуы елдің қаржылық жүйесін цифрлық трансформациялаудың маңызды қадамы. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті.

цифрлық теңге
Коллаж: Kazinform

 — Стейблкоин — бұл қаржы әлемінде өзгеріс жасаған төлем түрі және қаржы тетігі. Оны алғаш рет іске қосып жатырмыз. Intebix пен Solana және Mastercard, сондай-ақ еліміздегі Еуразиялық банкпен бірлесе теңгелік стейблкоиндерді шығару жобасын іске қосты, — деді ҰБ басшысы Тимур Сүлейменов. 

Оның айтуынша, стейблкоин криптовалюталарды айырбастауға қызмет етеді және криптокарталар арқылы сауда жасау үшін қолданылады. 

 — Теңгеге байланған стейблокиннің пайда болуы ел ішіндегі өтімділікті оқшаулауға, қолданыстағы қаржылық инфрақұрылыммен интеграцияға және цифрлық активтердің отандық жүйесін дамытуға ықпал етеді, — деді Сүлейменов.

Бұған дейін, криптоактивтер, оның ішінде криптовалюталар, стейблкоиндер, токендер және блокчейн технологиясына негізделген басқа құралдар соңғы жылдары жаһандық қаржы жүйесінің маңызды элементіне айналғанын жазған едік. Олардың қарқынды өсуі мен танымалдығының артуы бизнес пен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктерді, сол сияқты ұлттық экономикалар үшін маңызды тәуекелдерді де туындатады. 

Бұған дейін Ұлттық банк «стейблкоин» деген атаумен өз цифрлық активін шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар