23:56, 23 Тамыз 2023 | GMT +5
Қазақстанда тоқылатын кілемдер 26 пайызға азайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда кілем өндірісі төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

2023 жылдың қаңтар-маусым айларында кілем мен кілем өнімдерінің өндіріс көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% төмендеді.
Мәселен, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында қазақстандық кәсіпорындар 2,7 млн м2 кілем өнімін шығарса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3,6 млн м2 өнім өндірілген.
Бұл ретте аталған өнімдердің импорты 3,5% қысқарды.
Мәселен, жоғарыда аталған кезеңде 7,4 млн м2 астам өнім импортталды. Шетелден әкелінген өнімдердің нарықтағы үлесі - 73,3%.
Осы ретте бірінші жарты жылдың ішінде экспорт қарқыны 52,4% өскен, шетелге 334,1 мың м2 кілем өнімі жөнелтілді.
Алты айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта барлығы 9,8 млн м2 кілем мен кілем өнімі сатылған.