Қазақстанда төменгі жалақының шекті мөлшері белгіленді
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi — 85 000 теңге болды.
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі 10 пайызға өсті. Бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді. Ол ағымдағы және болжамды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, ең төменгі зейнетақы мөлшеріне, ең төменгі жалақыға, ең төменгі күнкөріс деңгейіне, сондай-ақ инфляция мен инвестициялық кірістілікке сүйене отырып есептелді.
ТЖШ есептеу кезінде 2026 жылға арналған мына әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған:
«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, 1 қаңтардан бастап:
— айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 4 325 теңге мөлшерінде;
— ең төменгі зейнетақы — 69 049 теңге;
— ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) — 50 851 теңге;
— базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 35 596 теңге;
— жалақының ең төмен мөлшерi — 85 000 теңге болды.
Сонымен қатар жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері алынатын мөлшерден 10 пайызға артты. Ал жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс — 55 АЕК (237 875 теңге).
Мүгедектігіне және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты, оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын және түзеу мекемелерінде орналасқан адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер, арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; ай сайынғы бала 1,5 жасқа толғанша берілетін мемлекеттік жәрдемақы, ай сайынғы бала 1,5 жасқа толғанша, кірісінен айырылу жағдайы бойынша МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және І топ мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға мемлекеттік жәрдемақы мөлшері көтерілді.
Бұдан бұрын елімізде 1 қаңтарда қандай өзгерістер күшіне енгенін жазған едік.