16:11, 16 Ақпан 2024 | GMT +5
Қазақстанда ТОП-20 туристік орындар тізімі жасалады
АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде саяхаттауға арналған топ туристік орындардың саны артады.

«Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша отандық туристік орындардың тізімі ТОП-10-нан, 20-ға дейін кеңейтіледі. Еліміздің барлық өңірінде неғұрлым перспективалы туристік орындар айқындалады. Топ туристік орындарды, инфрақұрылымды дамыту мен инвестициялық мүмкіндіктерін айқындай отырып, жоспар әзірленеде», - деді Туризм және спорт министрі Ержан Маржықпаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Бұған дейін министр өткен жылы 9 айда 5,4 млн отандық турист ел ішінде саяхаттағанын айтқан еді.