Қазақстанда Тойота көлігі шығарылады

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметі және Тойота Мотор Корпорейшн" компаниясы арасында «Тойота Fortuner» үлгісіндегі автокөлікті Қазақстанда шығару туралы меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес келесі жылдан бастап Қостанай қаласындағы «Сары-Арқа АвтоПром» ЖШС өндірістік базасында Тойота көліктері құрастырылатын болады.
None
None

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің хабарлауынша жаңа өнеркәсіпте 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. «Жоспарға сәйкес жылына шамамен 3 мың көлік шығарылады. Негізі бұл біздің 2 жылдық жұмысымыздың нәтижесі. Осының арқасында отандық автокөлік нарығының әлеуеті көтеріледі деп сенеміз»,-деді Ә. Исекешев.

Қазақстанда шығарылатын жаңа Тойота көлігінің бағасы туралы ештеңе айтылған жоқ. Дегенмен, жол талғамайтын Тойота Fortuner автокөлігінің сапасы жоғары болады дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар