Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғаны байқалады - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысына жұмыс сапары барысында мемлекет Басшысының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір тағдыр» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру үшін ақпараттық-насихаттық топтың құрамымен Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Павлодар қаласындағы облыстық туберкулезге қарсы диспансерде болды.
None
None

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Диспансердің ұжымымен және пациенттерімен кездесу кезінде Министр Елбасының Жолдауында медицина қызметкерлерінің алдына айқын да нақты міндеттер қойылғанын айтты. 2050 жылға қарай Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа дейін жету керек. Мемлекеттің және жұмыс берушілер мен жұмысшылардың денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарау барлық медициналық қызмет көрсету жүйесінің негізгі қағидасы болып табылады.

Профилактикалық шаралардың, скринингілік зертеулердің, диагностиканы жетілдірудің, негізгі әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу мен сауықтырудың арқасында Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғаны байқалады. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру кезінде көрсеткіш 16 пайызға төмендеді. Туберкулез ауруынан өлім 24,3 %-ға азайды. Сонымен қоса, туберкулез дертімен ауыратындар мен өлімді азайтуға байланысты жұмыстар жүргізу жалғасын табады.

Республикада туберкулезге қарсы қызметтің мықты материалдық-техникалық базасы құрылды. Туберкулезбен ауыратындар толығымен дәрімен қамтамасыз етіледі.

Кездесуді қорытындылай келе, Салидат Қайырбекова медицина мамандарының беделін көтеру үшін, пациенттермен тұрақты қарым-қатынас орнатып, дәрігерлерге сенімді арттыру қажеттігін айтты.

Соңғы жаңалықтар