Қазақстанда тұқым өндіретін 237 кәсіпорын бар
АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта елде тұқым өндіретін неше кәсіпорын бар екенін айтты.

Ведомствоның мәліметі бойынша, елде тұқым шаруашылғының 237 субъектісі аттестаттаудан өткен. Оның ішінде:
30 бірегей тұқым өндіруші;
• 82 элиталық тұқым өндіруші;
• I, II және III сұрыптағы тұқым өндіретін 125 шаруашылық бар.
- Бір шаруа қожалықтың қолында тұқым өндірісінің 2 немесе 3 түріне бірдей рұқсаты бар екенін ескерсек, тұқым өндіруші субъектілердің жалпы саны 163-ке жетеді. Жыл сайын аттестаттаудан өткен шаруашылықтар шамамен 400 мың тонна жоғары сұрыпты тұқым өндіріп келеді, - деп жазады министрлік мамандары.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда тұқымның 72% немесе 1,74 млн тонна отандық тұқым өндірушілердің есебінен қамтамасыз етіліп отыр.