Қазақстанда тұңғыш рет жинақтаушы зейнетақы қорына рейтинг берілді

АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақстанда тұңғыш рет жинақтаушы зейнетақы қорына рейтинг берілді.
None
None

Бүгін «Эксперт РА Қазақстан» рейтинг агенттігі «Қазақстан халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорына» А + + сенімділік рейтингін бергендігі туралы хабарлады.

Рейтинг агенттігінің сарапшысы Арман Жахиннің айтуынша, А++ сенімділіктің ең жоғары деңгейі. «Бұл деңгейдің берілуіне сәуірдің 1-де МБҚ-ға тиеселі үлесі 52,3 пайызды құраған қордың инвестициялық қоржынының консервативті құрылымы мен 7,2 пайыз қазақстандық эмитенттердің облигациясына салынған инвестициялар оң әсер етті. Бұнымен қатар Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметі дефолттық қағаздардан алынған шығынның төмен деңгейімен сипатталады. Олардың қоржындағы үлесі сәуірдің 1-де бар болғаны 0,21 пайызды құрады. Бұл қордың тәуекел менеджментінің сапалы жұмысын дәлелдейді және рейтингтік бағалау деңгейіне оң әсерін тигізді», дейді рейтинг агенттігінің сарапшысы. Оның айтуынша, рейтинг деңгейінің жоғары болуына бұнымен қатар өткен 3 және 5 жылдық мерзім кезінде табыстылық жоғары болғандығы әсер еткен. Арман Жахиннің сөзіне қарағанда, «Қазақстан халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» рейтинг агенттігі тарапынан рейтинг берілген алғашқы ЖЗҚ. «Алдағы уақытта тағы екі ЖЗҚ-ға рейтинг беріледі Бұл бғытта жұмыстар жасалуда», дейді ол.

ҚазАқпарат анықтамасы: «Қазақстан халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» зейнатақы нарығында 1998 жылдан бері жұмыс істейді. 2010 жылғы маусымның 1-дегі жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі бойынша ЖЗҚ рейтингінде бірінші орын алды. Маусымның 1-дегі есеп бойынша қордың зейнетақы қаражаты - 614, 2 миллиард теңгені, зейнетақы жарналары - 450 миллиард теңгені, таза инвестициялық табыс сомасы - 148,8 миллиард теңгені, меншікті капитал көлемі 22,4 миллиард теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар