Қазақстанда тұрақтылық факторлары бар - Швейцария Конфедерациясы Кантондар Кеңесінің Президенті Филиппо Ломбарди

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Швейцария Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы желісі бойынша ынтымақтастықты одан әрі жалғастыра алады. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден соң журналистерге берген сұхбатында Швейцария Конфедерациясы Кантондар Кеңесінің Президенті Филиппо Ломбарди осылай мәлімдеді.
None
None

«Енді екі аптадан соң Бернде Қазақстан мен Швейцария үкіметтері арасындағы ынтымақтастық тобының отырысы өтеді. Ал қазір біз бұдан әрі бірлескен жұмысымыздың түйісу нүктелерін табу үстіндеміз. Қазақстанда тұрақтылық факторы бар екендігін біз байқап отырмыз. Ал прогресті қамтамасыз ету және оны жалғастыру үшін бейбітшілікі аса маңызды. Сонымен қатар, Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етсе, 2014 жылы Швейцария төрағалықты бастайды. Сондықтан да, біз өзара байланыс көпірін сала отырып, ынтымақтастықтың саласын ары қарй жалғастырамыз деп ойлаймын», - деді Ф.Ломбарди.

Сонымен қатар, Кантондар кеңесінің төрағасы Қазақстан мен Швейцария «жасыл экономика» саласында да ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігіне ие екенін жоққа шығармайды. Бұл ретте мәртебелі мейман Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен онда таңдалған «Болашақтың энергетикасы» атты тақырыпқа да назар аударды.

«Болашақтың энергиясы» тақырыбын таңдай отырып, сіздердің елдеріңіз экономикалық тұрғыда алдыңғы қатардағы елге айналу жолындағы эволюцияның құрамдас бөлігі болып табылатын қатерлер мен жауапкершілікті ұғынатынын көрсетіп отыр», - деп атап өтті Ф.Ломбарди.

Соңғы жаңалықтар