Қазақстанда тұрғындары аз ауылдарда 600 жылжымалы кітапxана қызмет көрсетуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұрғындары аз ауылдарда 600 жылжымалы кітапxана қызмет көрсетуде.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Ермек Рахимов мәлім етті.

Брифинг барысында Ермек Рахимов айтып кеткендей, бүгінгі таңда елімізде 11423 кітапхана жұмыс істейді. Олардың ішінде: 4122 - мәдениет саласындағы кітапханалар, білім және ғылым саласында 7186 және 115 кітапхана өзге жүйелер мен ведомстволарға қарайды. Халқы аз, стационарлық кітапxана пунктері жоқ елді мекендерде  2335 кітапxана пунктері және 617 жылжымалы кітапxана қызмет етеді.

«Тұрғын саны аз ауылдарға жылжымалы кітапxаналар жіберіледі. Олар "БиблиоBus" деп аталады. Тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Қызметтерін xалық жақсы тұтынып жатыр. Бұл жергілікті атқарушы биліктің ұйымдастыруымен өтеді», - деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі.

Оның ақпаратына қарағанда республикада кітапхана қоланушыларына қызмет көрсетудің, соның ішінде дәстүрлі формаларымен қоса ақпараттық технологиялар қолданылады. Мәдениет саласындағы 1019 кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетуде түрлі автоматтандырылған бағдарламаларды пайдаланады. ҚР Ұлттық кітапханасы мен облыстық ғылыми-техникалық кітапханаларда барлық технологиялық үрдістер автоматтандырылған.

Сонымен қатар Ермек Рахимов статистикалық мәліметтерге қарағанда 2015 жылдың қорытындылары бойынша Мәдениет және спорт министрлігінің кітапханалар жүйесінің электронды деректер қоры 13 265 639 библиографиялық жазбалардан тұрып, соның ішінде 3 506 852 жазба Интернет желісі арқылы қол жетімді болып табылады.

«2007 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен "ҚазҰЭК" - Қазақстандық Ұлттық Электрондық Кітапxана жобасы сәтті жүзеге асырылып отыр. ҚазҰЭК арқасында қазақстандықтар ғана емес, барша әлем оқырмандары Қазақстан әдебиетінен сусындауда. Бүгінде республика бойынша 157 мың құжат атауы, соның ішінде 142 қазақ тілінде, сандық форматқа аударылды», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар