Қазақстанда тұтыну несиелерінің көлемі 2,22 триллион теңгеге жетіп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалпы Қазақстан бойынша 2013-2014 жылдардың қаңтар айлары арасындағы тұтыну несиелерінің өсімі 45,7%-ды құрап (696,9 миллиард теңге), 2,22 триллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды Ranking.kz сайты.
None
None

«Жалпы Қазақстан бойынша 2013-2014 жылдардың қаңтар айлары арасындағы тұтыну несиелерінің өсімі 45,7%-ды құрап (696,9 миллиард теңге), 2,22 триллион теңгеге жеткен. Халыққа тұтыну мақсатында берілген банктік қарыздардың 45%-ы (996 миллиард теңге) еліміздің басты қалалары - Алматы мен Астана қалаларының үлесінде болып отыр», - делінген хабарламада.

Сарапшылардың мәліметтері бойынша, тұтыну несиелері бойынша ең жоғарғы өсім Астана қаласында тіркелді. Бір жыл ішінде нарық 62%-ға өсіп (64 миллиард теңгеге), 167,4 миллиард теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар