Қазақстанда ҰБТ-2014 тапсыруға 92 мың түлек дайындалуда - А.Сәрінжіпов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға қазақстандық түлектердің 72% немесе 92 мыңы дайындалуда, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Қазақстанда ҰБТ-2014 тапсыруға 92 мың түлек дайындалуда - А.Сәрінжіпов

«Ағымдағы жылы 133 мың түлектен ҰБТ тапсыруға 92 мың немесе 72% тіркелді. Қазақ тілінде ҰБТ-ді 64 мың түлек, орыс тілінде - 28 мың тапсырады», - деді А.Сәрінжіпов.

«Алтын белгі» алуға, министрдің мәліметінше, 4 400 түлек үміткер. «ҰБТ 2 маусымнан бастап 8 маусымға дейін 155 арнайы жабдықталған пункттерде өтеді. Барлық пункттерде штабтар мен мемлекеттік комиссиялар қалыптастырылған», - деп атап өтті БҒМ басшысы.