Қазақстанда Ұлттық бiрыңғай тестiлеу басталды
«Алдағы жетi күннiң барысында 92077 түлек ұлттық бiрыңғай тестi тапсыратын болады. Олар елiмiздiң арнайы дайындалған 155 тестiлеу пункттерiнен өтетiн болады. Бұл жерде балаларда толқу жоғары болғанымен, елде арнайы дайындау жүйесi өте жақсы жолға қойылған. Түлектер бiрнеше рет арнайы сынақтардан өтiп, тестке толық дайындықпен келiп жатыр», - дедi вице-министр тiлшiлерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, сынақ сұрақтарының 30 пайызы жаңартылған және форматы өзгерген жоқ.
«Тестiлеудi өз деңгейiнде өткiзу - бiзге мiндет. Министрлiк және оның құрылымдары, барлық оқу орындары бұл науқанға бiрге атсалыса отырып, жоғары сапамен өткiземiз деп ойлаймын», - деп түйдi сөзiн Т. Балықбаев.
Айта кетейiк, ҰБТ биыл елімізде 2-8 маусым аралығында өтедi.