Қазақстанда «UME» қоғамдық академиясы құрылды

Оған еліміздің жетекші экономист-ғалымдары мен түрлі саладағы мамандар қатысты.
Академия атауының қазақша мағынасы - Адам, Қоғам, Өмір, Жаратылыс (UNIVERSUM) туралы Аралық білім (METAEPISTEMIA). Яғни академияның негізгі идеясы - адамның өз-өзіне, басқа адамдарға, қоғамға, өмірге және жаратылысқа жақсылық пен махаббат сыйлау мақсатындағы барлық ілімдердің онтологиялық бірлігін құрау.
Құрылтай-жиналыста «UME» қоғамдық академиясының басшылығы сайланып, ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. Академияның президенті болып белгілі экономист-ғалым Орақ Әлиев, вице-президенттері Дәуренбек Әубәкір мен Смадияр Үсенбаев сайланды. Сонымен қатар Төлеуғали Бөрібаев ұйым хатшысы, Жангелді Естенбаев баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Қоғамдық академия өзімен аттас «UNIVERSUM-METAEPISTEMIA» альманағын жылына екі рет шығаруды жоспарлап отыр.