18:07, 10 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанда уран өндіру 11 пайызға ұлғайды
АЛМАТЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ 9 айда 7 978 тонна уран өндірді. Холдинке қарасты кәсіпорындар 2011 жылдың өткен 9 айлық өндірістік жоспарларын толығымен орындап шықты.
Компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, таза табыс 56,4 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 72 пайызға артық. Ал шоғырландырылған табыс биыл 264,7 млрд теңгені құрап отыр. Ол 2010 жылғы көрсеткіштерден 62 пайызға жоғары. Мұндай өсімге ұлттық компания уран өнімдерін сату көлемінің ұлғаюы арқасында қол жеткізді. Биыл алғашқы 3 тоқсанда Қазақстанда өндірілген уранның жалпы көлемі 13 957 тонаны құрады. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайзға жоғары.