Қазақстанда үш айда 9,3 млн адам жұмыспен қамтылды

АСТАНА. KAZINFORM – Биылғы екінші тоқсанда Қазақстан экономикасында 9 млн 300,4 мың адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Жұмыспен қамту
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Олардың ішінде 7,14 млн адам немесе 76,8%-ы – жалдамалы жұмысшылар, 2,16 млн адам немесе 23,2%-ы – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар.

- Жұмыспен қамту деңгейі 15 жастан асқан жалпы халыққа шаққанда 64,6%-ды, жұмыс күшінің санына шаққанда 95,4%-ды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар саны 110 мың адамға артты, оның басым бөлігі жалдамалы жұмысшылар есебінен болды, - делінген ақпаратта.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі мына салаларда тіркелді:

  • сауда – 17,1%;

  • білім беру – 13,1%;

  • өнеркәсіп – 12,5%;

  • ауыл шаруашылығы – 10,8%;

  • көлік және қойма – 7,3%;

  • құрылыс – 6,9%;

  • денсаулық сақтау – 6,4%.

Бір жұмысшыға шаққандағы жұмыс аптасының орташа ұзақтығы 39 сағатты құрады. Оның ішінде жалдамалы жұмысшылар – 40 сағат, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 36 сағат жұмыс істеген.

Айта кетейік, Қазақстанда мектепке дейінгі білім беруде 330 құзыреттілік орталығы жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар