17:22, 21 Тамыз 2024 | GMT +5
Қазақстанда ұшақ билеттеріне қатысты овербукинг заңсыз әрекет саналады — министрлік
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда әуе компанияларының ұшақтағы орын санынан артық көп билет сату әрекеті заңсыз саналады.

Бүгін ҚР Көлік министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында вице-министрі Талғат Ластаев тиісті ереже осыдан 5 жыл бұрын енгізілгенін айтты.
«Бұл нормаға сәйкес, ұшақтағы орын саны мен сатылған билеттер сәйкес келуі керек. Яғни, бұл мәселе заңға тәуелді актілерде заңнамамен реттелген», — деді ол.
Оның айтуынша, әуе компаниялары осы норманы білсе де, билеттерді артығымен сату бұл тәжірибесін қолданып жатады. Мұндай деректер анықталса, компаниялар жауапкершілікке тартылады.
Бұған дейін Көлік министрі Марат Қарабаев ұшақтағы орын санынан артық билет сату тәжірибесі туралы өз пікірін білдірді.