Қазақстанда вагон өндірісі айтарлықтай өсті

АСТАНА. KAZINFORM — Осы жылдың алғашқы төрт айында теміржол көлігі өндірісінің едуәір өсімі байқалды. Мәселен, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында дизель локомотивтерінің өндірісі 20 болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. 

поезд
Фото: Railways Systems KZ

Сонымен қатар, вагондар өндірісі өсті.

Осы жылдың алғашқы төрт айында 50 теміржол, трамвай, өздігінен жүрмейтін, жолаушылар, багаж және басқа да арнайы мақсаттағы вагондар шығарылды.

Бұл өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 8,3 есе көп.

Сондай-ақ, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 400 жүк вагоны өндірілді, ал өткен жылдың тиісті кезеңінде барлығы 9 вагон ғана құрастырылған. 

Соңғы жаңалықтар