Қазақстанда вакцина алған қанша адам қайтыс болды
«Биыл 1 ақпаннан бастап тамыз айының соңына дейін вакцина алған соң қайтыс болғандардың саны - 482. Бұл - КВИ-ден қайтыс болғандардың жалпы санының 5 пайызы. Осы орайда жалпы аталған індеттен қайтыс болғандардың дені - вакцина алмаған жандар екенін еске салғым келеді. Вакцина алғаннан кейін мерт болған 482 адамның 23-і Corona Vac салдырған, 371-і «Спутник V» вакцинасын қабылдаған, тағы 75 адам Vero Cell еккен және 13 адам отандық QazVac-ты алған», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін ведомство басшысы елдегі эпиджағдайдың жақсарғанын жеткізген еді.
«Қазақстандықтар коронавирус дәуірінде өмір сүріп жатқанын түсіну керек. Қазіргі уақытта 6 миллионнан астам қазақстандық толық вакцина алды. Бүгінде халықтың белгілі бір бөлігінде иммундық қабілет жақсарып, сәйкесінше, эпиджағдай жақсарып келеді», - деп еді министр.