Қазақстанда «Яндекс.Таксидің» жұмысын тоқтату туралы сот шешімінің күші жойылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін апелляциялық сатыдағы сотта Қазақстанда «Яндекс.Такси» сервисінің жұмысын тоқтату туралы сот шешімінің күші жойылды. Бұл туралы Алматы прокуратурасы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Осыған дейін Алматы қаласының бірінші сатыдағы соты «G-taxі» ЖШС-ның талап-арызы бойынша «Яндекс.Такси» компаниясын Қазақстан Республикасының аумағында таксиге тапсырыс беру жүйесіне байланысты ақпараттық қызметтер көрсетуін тоқтатуға міндеттеген еді. Сот ісі патенттік дау-дамайға қатысты болды.

Прокуратурадан мәлім еткендей, ведомство аталмыш сот шешіміне қатысты апелляциялық шағым түсірген. Себебі 100 мыңға жуық таксист жұмыссыз қалуы мүмкін еді.

«Бүгін апелляциялық сатыдағы сот алқасы істі қайта қарады. Прокурордың апелляциялық өтінімхаты бойынша сот шешімінің күшін жойып, «G-taxi» ЖШС-ның талабын негізсіз деп тани отырып, жаңа шешім шығарды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар