Қазақстанда заңды тұлғаларға мемлекеттік органдардың атауларын пайдалануға тыйым салынды

АСТАНА. KAZINFORM – Әділет министрі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді.

құжат
فوتو: ۆيكتور فەديۋنين/kazinform

Жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмайтын заңды тұлғаларды тіркеу кезінде олардың атауында:

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, мемлекеттік мекемелерінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ресми атауларын;

– мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атауларына ұқсас қысқартуларды, аббревиатураларды, туынды сөздерді және шатастыруға әкелетін өзге де белгілерді қолдануға жол берілмейді.

Құжат 2026 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, мемлекеттің қатысуынсыз құрылған академиялардың атауларында «ұлттық» сөзі болмауы керек.