Қазақстанда заңсыз айналымнан 25 тонна 625 келі есірткі заты тәркіленді - ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың өткен жеті айында елімізде 2123 есірткі қылмысы ашылып, 3322 тұлға ұсталды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Есірткі бизнесімен күрес департаментінің басшысы, әділет генерал-майоры Сұлтан Күсетов мәлімдеді.
None
None

Департамент басшысының айтуынша, жыл сайынғы жоспар бойынша елімізде 1 маусым мен 30 қыркүйек аралығында «Көкнәр» кең ауқымды операциясы жүзеге асырылып жатыр. Операция мақсаты каннабис тобындағы есірткі өндірістерін жоюға бағытталады.

«Кең ауқымды шара барысында заңсыз айналымнан 25 тонна 625 келі әртүрлі есірткі заттары алынды, соның ішінде 86 келісі - героин, 115 келіден астамы - анаша. Қылмыстық жауапкершілікке отыздан астам ұйымдасқан қылмыстық топтар тартылып, есірткі тасымалының 15 арнасының жолы кесілді, оның үшеуі халықаралық тасымал болып отыр», - деді Сұлтан Күсетов.

Соңғы жаңалықтар