Қазақстанда жалдамалы пәтер құны арзандап келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда биыл жалдамалы пәтер құны 2,5%-ға төмендеді. Дегенмен бастапқы және екінші нарықтағы баспаналар қымбаттаған.
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Бюро дерегінше, былтыр желтоқсаннан биылғы қаңтар аралығында жаңадан салынған тұрғын үйлердің бағасы 0,7%-ға қымбаттап, бір шаршы метрі 481 891 теңгеге жеткен. Бұл ретте баға көтерілген өңірлер көшін Ақтау қаласы бастап тұр. Аталған шаһарда бір жыл ішінде жаңа баспана құны 28,2%-ға өскен. Ақтөбеде өсім 25,4% болса, Петропавлда баға 20,9%-ға көтерілген.

Ал екінші нарықтағы пәтерлер Семейде - 46,8%, Қызылордада - 38,8%, Ақтөбеде - 37,3%, Ақтауда - 35,4%, Талдықорғанда - 32,9% және Қостанайда 31%-ға қымбаттаған.

Мәлім болғандай, жалдамалы пәтер бағасы Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%) және Алматы (50,7%) қалаларында жоғарылаған.

Сонымен қоса пайдалануға енді берілген баспаналарды қайта сататындар бағаны 0,3%-ға () көтеріп, бір шаршы метрін 515 019 теңгеден саудалап жатыр.

Бұл орайда жөндеу жұмыстары жүргізілген, тұруға қолайлы жағдай жасалған тұрғын үйді жалдау құны әр шаршы метрі үшін - 4 671 теңге.


Соңғы жаңалықтар