Қазақстанда жаңа халықаралық ғылыми ұйым жұмыс істей бастады

«Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте 2012 жылдың 22-23 тамызы күндері өткен Түркі Кеңесі ІІ саммитінде Түркі академиясына халықаралық мәртебе беру жөніндегі келісім бекітілген болатын. Оған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүл, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев пен Әзірбайжан Республикасының Премьер-министрі Артур Расизаде қол қойған. Аталған келісім бойынша, ұйымды құрушы мемлекеттер келісімді ратификациялағандары туралы тиісті құжатты дипломатиялық арналар арқылы ұйым орналасқан елге (Қазақстан Республикасы, Астана қаласы) жіберген соң отызыншы күні заңды күшіне енеді. Осыған байланысты Түркі академиясы Бішкекте жасалған келісімге с әйкес халықаралық мәртебе алды», - делінген баспасөз баянында.
Астанадағы халықаралық жаңа құрылым түркі әлемінің ортақ рухани құндылықтары мен бай мұрасын ғылыми тұрғыдан үйлестіретін болады.