Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің шетінеуі екі есеге азайған
Нақтырақ айтқанда, нәрестенің туа біткен даму ақауын жатыр ішінен анықтап қана қоймай, сонымен қатар жүкті әйелдерді емдеуге мүмкіндік беретін перинатальдық диагностикалау жетілдірілуде.
Сондай-ақ республикада балалар кардиохирургиялық қызметі дамып, медицина жетістіктері арқасында онкологиялық ауруға шалдыққан балалардың өмір сүру ұзақтығы артып, көпшілігі құлан-таза айығып кеткен. Бұл химиотерапияны таңдамалы қарқындату әдісі арқылы мүмкін болған.
Ақ халаттылардың білімін жетілдіру, тәжірибесін шыңдау да жол картасының басым бағыттарының бірі.
Айта кеткен жөн, 2017 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде педиатрия факультеті қайта ашылды.
«Неонатолог дәрігерлер біздің орталықта тек қана емдеу үрдісімен айналыспай, сондай-ақ республика бойынша жас мамандардың болашақ неонатолог мамандардың қалыптасуында үлкен жұмыс жасалынады. Консультативтік кеңес ретінде бірнеше телемедициналар өткізілуде үнемі. Яғни, республика бойынша орталықтағы неонатологтар білімімен бөлісіп, өздерінің тәжірибесімен үнемі республикамен тығыз қарым-қатынас жасалынады», - деді С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті Гүлмира Алтынбаева.