Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылмақ

АЛМАТЫ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы өкілдігі еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінде Жоңғар Алатауы аумағында жаңа мемлекеттік ұлттық паркінің құрылатындығы туралы жария етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҰҰДБ таратқан мәлімдемеге сүйенсек, ұлттық паркті құрудағы мақсат жаһандық маңызға ие Сиверс жабайы алма ағаштарының сақталып қалуына ықпал ету болып табылады. БҰҰ Бас ассамблеясы 11 қаңтар күнін қорықтар мен ұлттық парктер күні деп жариялаған болатын. Осы орайда 2010 жыл халықаралық биосантүрлілік жылы болып белгіленді.

БҰҰДБ деректері бойынша Қазақстанның ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтарының жалпы көлемі 22 миллион гектарды құрайды, бұл еліміздің жалпы территориясының 8,2 пайызы деген сөз. Республикамызда он мемлекеттік табиғи парк және он мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыс істейді. Сондай-ақ төрт мемлекеттік табиғат резерваты, 50 мемлекеттік кіші қорық және бес мемлекеттік қорғалған аймақ бар.

Соңғы жаңалықтар