Қазақстанда жаңа вагон жасау зауыты құрылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Қазақстанда вагон жасайтын жаңа зауыт іске қосылды.
None
None
Бұл жайында ҚазАқпарат «Атамекен Холдинг» Қаржы-өнеркәсіп тобы АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.Алматы қаласында «Атамекен Холдинг» Қаржы-өнеркәсіп тобы АҚ (Қазақстан) және «Металл конструкция зауыты» ААҚ (Ресей) арасында «Экономтрансконсалтинг» ЖШС-нің (Қазақстан) қатысуымен вагон жасау зауытын құру туралы құжаттарға қол қойылды. Келісім бойынша Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны Қызылорда облысының Арал қаласындағы «Арал вагон жөндеу зауытының» базасында жасақталатын болды. Зауыт ірі салмақтағы контейнерлерді және басқа да өнімдерді тасымалдауға арналған ашық жүк вагондарын және платформа-вагондарды шығармақ. Тараптар сондай-ақ жобаны жүзеге асыру, зауыттағы қолданыста бар өндірістік орындарды қайта жабдықтау шаралары, қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету бойынша мәселелерді және мамандарды даярлау және қайта даярлау жайын талқыға салды. Үстіміздегі жылдың мамыр айында алғашқы вагондарды құрастырып шығару жоспарлануда. Бұл жобаның Қазақстан-Ресей арасындағы экономикалық және кооперациялық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді, екі мемлекеттің көліктік машина жасау әлеуетін кеңейтудің алғышарттарын қалыптастырады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар