Қазақстанда жаңадан тағы бір саяси партия құрылмақ
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Табиғат» экоодағының төрағасы Мэлс Елеусізов мәлім етті.
Оның айтуынша, жаңа партия - «Табиғат» саяси партиясы деп аталмақ. «Бұл партияның «Табиғат» экологиялық одағына еш қатысы болмайды, ол өзінше солай жеке дара болып қалады. Тек атаулары бір - орысша «Партия зеленых», қазақша «Табиғат» деп аталынатын болады»,-деді ол.
Оның айтуынша, жаңа партия Парламенттік сайлауларға қатысу, жаңа экологиялық заңдар қабылдау үшін, сонымен қатар өзекті экологиялық мәселелерді шешу мен қоғамның экологияға қатысты психологиясын өзгерту мақсатында құрылмақ.
«Қазір құрылтай съезіне дайындықтар басталып кетті, партияның бағдарламасы мен жарғысы, тағы да басқа құжаттары дайындалуда. Партияны қаржыландыру партия жарнасы есебінен жүргізілетін болады»,-деді Мэлс Елеусізов. Ол «Табиғат» экоодағы мен жаңа партияны да басқармақ.